©allday.ru
Жезқазғанда уақытша қамауда отырған азамат бұранда жұтып қойды деп хабарлайды "Tengrinews.kz" Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. Героин сақтады деген күдікпен ұсталған тұтқын өзіне тағылған айыпқа наразы болып, плинтустың төрт сантиметрлік темір бұрандасын жұтып қойған. "Ол өзін жайсыз сезінгеннен кейін бұл туралы изолятордың кезекшісіне баяндаған. Бұл жайлы прокуратура қызметкерлеріне де ескертілді", - дейді агенттікке ақпарат беруші. Ер адам дереу қалалық ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің асқазаны рентгеннің көмегімен тексерілді. Бұранда табылып, енді дәрігерлер оны хирургиялық жолмен алып тастамақ. "Операция бүгінге жоспарланып отыр, айыпталушы қашып кетпеуі үшін аурухана палатасына қарауыл қойылды", - дейді прокуратура қызметкерлері.
Жезқазғанда уақытша қамауда отырған азамат бұранда жұтып қойды деп хабарлайды "Tengrinews.kz" Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.
Героин сақтады деген күдікпен ұсталған тұтқын өзіне тағылған айыпқа наразы болып, плинтустың төрт сантиметрлік темір бұрандасын жұтып қойған. "Ол өзін жайсыз сезінгеннен кейін бұл туралы изолятордың кезекшісіне баяндаған. Бұл жайлы прокуратура қызметкерлеріне де ескертілді", - дейді агенттікке ақпарат беруші.
Ер адам дереу қалалық ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің асқазаны рентгеннің көмегімен тексерілді. Бұранда табылып, енді дәрігерлер оны хирургиялық жолмен алып тастамақ. "Операция бүгінге жоспарланып отыр, айыпталушы қашып кетпеуі үшін аурухана палатасына қарауыл қойылды", - дейді прокуратура қызметкерлері.