Астанада студенттік фильмдер фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада студенттік фильмдер фестивалі өтеді ©otherfilms.ru

Астанада студенттік фильмдердің жыл сайынғы Annual Students Film Festival 2015 фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі "Астана - жастар парламенті" қоғамдық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальді қоғамдық ұйым мен "Астана" ұлттық картиналар галереясы ұйымдастырып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, фестиваль 20 ақпан күні сағат 19.00-де Республика даңғылында орналасқан "Астана" галереясында өтеді, бұл шара биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

"Annual Students Film Festival 2015 - бұл шығармашылық жоба, фестиваль ұлы кинорежиссер, актер әрі халық әртісі Шәкен Аймановтың туған күніне орай жылда ұйымдастырылады. Фестивальде Назарбаев Университетінің студенттері түсірген қысқаметражды фильмдер мен роликтер көрсетіледі, басты тақырып - "Әлеуметтік даму: Ұлтты тәрбиелеу", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл тақырыпта мынадай категориялар бар: "Рухани құндылықтар", "Тәрбие", "Салауатты өмір салты" және "Экология". Қазылар алқасының құрамында қазақстандық киноматография саласының жұлдыздары: режиссерлер, актерлер және кинотанушылар болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети