Алматыдан 93 шақырымда магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 93 шақырымда магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды ©Tengrinews.kz

Алматыдан 93 шақырымда магнитудасы 3,9 болатын зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 93 шақырымда магнитудасы 3,9 болатын зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясына сілтеме жасап.

Қазақстан сейсмологтарының мәліметінше, жер сілкінісі 22 ақпанда Қырғызстан территориясында Астана уақытымен сағат 8:44-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 93 шақырым жерде болды. 

Энергетикалық класы - 8,5. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 19 ақпанда Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырымда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болған еді. Оның эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Энергетикалық класы - 9,5. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған. Тербелістің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети