Үйлену тойында екі қыз қалыңдықтың гүл шоғына таласып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойында екі қыз қалыңдықтың гүл шоғына таласып қалды ©Wedding-mood.com

Үйлену тойында екі қыз қалыңдықтың гүл шоғына таласып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойында екі қыз қалыңдықтың гүл шоғына таласып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздардың жаңа дәстүр бойынша қалыңдықтың гүл шоғын тосып алу рәсімі бейнеленген видео Facebook әлеуметтік желісінде 23 наурызда жария болды. Роликті желіге салған қолданушы Марат Қыстаубаев оның сипаттамасында "Гүл шоғына осылай таласу керек!" деп жазды. 

Видеода лақтырылған гүл шоғына екі қыздың таласқанын көруге болады. Бастапқыда гүл шоғы екі қыздың да қолына бірдей түседі, бірақ бақан тірес тартыстан кейін қара көйлектегі қыз жеңіске жетеді. Видео таралған сәттен бастап бір күннің ішінде 5 мыңнан аса көрілім жинап, қызу талқыға түсті. Пікір жазғандардың бірқатары гүлге таласқан қыздардың жанкештілігіне қайран қалса, екіншілері мұның жат қылық екенін айтты. 

 Айта кетейік, бұл рәсімде гүлді тосып алған қыз жақын арада тұрмысқа шығады деген түсінік бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети