![©TengrinewsTV](/userdata/news_kk/2015/news_260788/thumb_b/photo_14961.jpg)
Қарағанды облысында бір ауылды қар суы басып қалды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Жергілікті тұрғындар су басқан ауылды видеоға түсіріп, редакцияға жолдады.
Қарағанды облысында бір ауылды қар суы басып қалды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Жергілікті тұрғындар су басқан ауылды видеоға түсіріп, редакцияға жолдады.
Қар суының астында қалған аймақ - Шет ауданының Ағадыр ауылы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қар суынан ондаған үйге зақым келген, төтенше жағдай 24 наурыз күні кешкі уақытта басталыпты.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бір ауланың өзінде 40-қа жуық қой мен ешкі қырылған. Сонымен қатар, Ағадыр станциясының кейбір аудандары жарықсыз қалған. Жергілікті тұрғандардың мәліметінше, судың ағысы толастамай, деңгейі 1 метрге жетіп қалыпты.
Айта кетейік, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында "2015 жылғы 24 наурызда Қарағанды облысы Қарқаралы мен Қаражал қалаларының, Ақтоғай, Жаңаарқа, Бұхар-Жырау және Шет аудандарының бірқатар елді мекендерінде еріген судың келуі салдарынан тұрғын үйлер мен көшелерді су басты", - деген хабарлама жарияланды.