30 наурыз 2015 14:56

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барат Дұзақпаев. ©Youtube желісінен алынған скриншот Барат Дұзақпаев. ©Youtube желісінен алынған скриншот

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аппарат жиыны барысында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа кадрлық тағайындауларды жария етті. Қала басшысы Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысын, бұған дейін ТЖД басшысының орынбасары қызметін атқарған Барат Дұзақпаевты таныстырды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мұнымен қатар, Қайрат Көпбаев Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, қала басшысы "Астана" кәсіби Президенттік спорт клубы" корпоративтік қорының бас директоры олимпиада чемпионы Владимир Смирнов пен бас менеджер Лашын Айтмағанбетовты таныстырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети