Төрт жыл ішінде қазақтың ақбас сиыры 1,5 есеге көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт жыл ішінде қазақтың ақбас сиыры 1,5 есеге көбейді @Docdat.com

Соңғы төрт жылда қазақтың ақбас сиырының саны 1,5 есеге артты. Бұл туралы Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының жиналысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы төрт жылда қазақтың ақбас сиырының саны 1,5 есеге артты. Бұл туралы Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының жиналысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" заңға өзгерістер енгізілгенге дейін ақбас сиырлардың саны 130 мың болса, қазір 270 мың басқа жетті", - деді Асылжан Мамытбеков.

МСХ ақпараттық-сараптамалық жүйесінің мәліметінше, 2015 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі ақбас сиырларды өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 7,2 мың болған. Қазақтың ақбас тұқымдастарының етінің үлесі - елдегі барлық сиыр етінің 61,4 пайызы.

Айта кетейік, қазір палата құрамында 240 шаруа қожалықтары бар. Биылдың өзінде 10 шаруашылық қазақтың ақбас сиырын өсіруді қолға алып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети