Қазақстанда 10 мыңға жуық ауыл тұрғыны "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасына қатысуға ниетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 10 мыңға жуық ауыл тұрғыны "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасына қатысуға ниетті © mzsr.gov.kz

Қазақстанда 10 мыңға жуық ауыл тұрғыны "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасына қатысуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 10 мыңға жуық ауыл тұрғыны "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасына қатысуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарлама жөнінде биыл 16 наурыз және 6 сәуір аралығында жүргізілген түсіндіру жұмысының нәтижесі бойынша, жұмыссыздар, өздігінен өнімсіз жұмыспен қамтылған, ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік аз қамтылған тұлғалардың қатарынан 9 мың 957 қазақстандық азамат осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді.

"Жұмылдыру топтарының көмегімен тағы 1560 азамат бағдарлама шеңберінде бос жұмыс орындарына орналасты. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысынан - 6 мың 409 адам, Алматы облысынан - 1 мыңға жуық адам және Астана қаласынан - 377 азамат. Бүгінгі таңда жұмылдыру топтарымен республиканың 124 ауданының 252 ауылдық округі, жоспарланған санның 60 пайыздан астамы қамтылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкері бар 178 жұмылдыру тобы құрылған. Жұмыссыздық деңгейі жоғары, өздігінен өнімсіз жұмыспен қамтылған, әлеуметтік аз қамтылған тұлғалары көптеп саналатын, сондай-ақ халықтың "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасына қатысу деңгейі төмен 181 ауданның 404 ауылының тұрғындарын қамту жоспарланып отыр. Жұмылдыру топтарының жұмысы биыл 15 сәуірге дейін жалғасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети