10 сәуір 2015 | 13:32

Астанадағы көлік тұрақтарында ақылы қызметкерлер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айдана Үсіпова © Айдана Үсіпова

Астанадағы көлік тұрақтарында ақылы қызметкерлер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы көлік тұрақтарында ақылы қызметкерлер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуір айынан бастап "Астаналық базар ("Артем" СҮ) ашық сауда орнының ауданында көлікті дұрыс қоюға қызмет көрсететін көлік тұрағының қызметкерлері жұмыс істей бастады. Олар өз қызметтері үшін 50 теңге алады. 

"Kaznur Company" ЖШС бас директорының айтуынша, бұл қызметке рұқсат беру жөніндегі құжаттың барлығы Астананың әділет департаментінен алынды. "Менде әділет департаментінің хаты бар. Біз олардан қаулыда көрсетілген мұндай қызметпен айналыса аламыз ба деп хат жаздық. Бізде олардың бұл қызмет түрімен айналысуға біздің құқымыз бар деп жазған жауаптары бар", - деді Қуандық Ақанов.

Ақановтың айтуынша, ақы төлеу міндетті емес. "Егер адам бұл қызмет үшін ақы төлеу керек деп есептесе төлейді, ал егер төлегісі келмесе өзінің еркі. Мәжбүрлемейміз. Бізде нұсқаулық бар. Көлікті дұрыс қою үшін қызмет көрсететін әрбір қызметкер сол нұсқаулықпен танысты. Біз ол жерде біреуден ақша талап етуге түбегейлі тыйым салдық. Бұл жердегі негативтік реакция әдеттенбегендіктен шығар", - деді компанияның бас директоры.

"Біз тұрақ үшін, орын үшін ақша алмаймыз. Біздің қызмет "көлікті дұрыс қою қызметі" деп аталады. (...) Біз енді-енді ғана бастадық. Қазір бізде бар болғаны екі-үш адам бар. Біз реакцияны көру үшін оларды Артем базарының жанына қойдық. Алдағы уақытта көлік көп жиналатын және оларды қоюға арналған орындарда проблемалар бар жерлерде жұмыс істейтін боламыз", - деді Ақанов.

Көлік тұрағы қызметкерінің бірі Жаңалы Балқиевтің айтуынша, оларға 60 мың теңгеден жоғары еңбекақы төленіп, зейнетақы аударымдары жасалады, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс күндері ауысыммен істейді. Балқиевтің айтуынша, ол бұрын базарда көкөніс сатқан және мөлшермен осындай ақша тауыпты. Оның сөзіне қарағанда, ақша төлейтіндер өте аз. "Негізінде төлейтіндер - қарапайым адамдар, қарапайым көлікпен жүретіндер, ал қалталылар тіпті менімен сөйлескілері келмейді, қарамайды да", - дейді Жаңалы Балқиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети