Польша президенті мінген трамвай рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша президенті мінген трамвай рельстен шығып кетті Бронислав Коморовский. ©dzienniklodzki.pl

Константынув-Лодзинский қаласында Польша президенті Бронислав Коморовский мінген трамвай рельстен шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына түсті, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Dziennik.pl ресурсына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, президент мінген ретро-трамвай көшелердің бірінде рельстен шығып кетеді. "Трамвай өте баяу қозғалып келе жатты, оның жылдамдығы сағатына 15 шақырымнан аспады. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ, жолаушылардың бір де бірі құламады", - деді машинист.

Польша президенті болса болған оқиғаға әзілмен қарады. "Кейбіреулер бұл оқиғаны провокация деп бағалар еді", - деді ол. Комаровский жолының жалғасын мемлекет басшысының автобус бронкобуспен жалғастырды. Жол-көлік оқиғасының неден болғаны анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети