13 сәуір 2015 | 11:31

Астананың ең тартымды автокөліктері "Форсажға" қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі © Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астананың ең тартымды автокөліктері "Форсаж" автошоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Автошоуды Автомобиль және мотоцикл спорты федерациясы ұйымдастырды.


Астананың ең тартымды автокөліктері "Форсаж" автошоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Автошоуды Автомобиль және мотоцикл спорты федерациясы ұйымдастырды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шара "Қазақстан" спорт кешенінен "Сарыарқа" сауда үйіне дейінгі көліктер шеруінен басталды. Сауда үйінің тұрағында темір тұлпарлар көрмесі ашылды. Мұнда елордамыздағы ең тартымды 40 көлік қойылды, ал осы уақытта 10 көліктің иесі экстремалды жүргізу шеберліктерін көрсетті.

"Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Аталмыш шара елордада осымен төртінші рет ұйымдастырылды. Автомобиль және мотоцикл спорты федерациясының шеруі үш акцияның аясында өткізілді. Атап айтқанда, "Астана - есірткісіз қала" (Астана қаласы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қолдауымен) акциясы, "Балалар үйінің бүлдіршіндеріне көмектесейік!" (Астана қаласы әкімдігінің "Балалар Үйі" МКК) қайырымдылық шарасы және "Біз жолдарда қауіпсіз қозғалысты қолдаймыз" (Астана қаласы ЖПБ қолдауымен) акциясы", - делінген хабарламада.

Федерация хатшысы Руслан Басаевтың айтуынша, шерудің басты мақсаты - жастарды спортқа баулу, қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау. Бүгінгі таңда федерация тағы да осы сияқты 9 шараны өткізуді көздеп отыр. 

Видео Youtube.com/Kaisar Tashenov

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети