13 сәуір 2015 | 15:26

Тағы үш қазақстандық Йеменнен эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Тағы бір қазақстандық екі баласымен Йеменнен эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тағы бір қазақстандық екі баласымен Йеменнен эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 сәуірде Йеменнен Ресей ТЖМ арнайы бортымен 150 адам шығарылған болатын. Солардың ішінде ҚР азаматтары 1981 жылы туылған Қазақстан азаматшасы Оксана Золотун және оның екі баласы болды", - делінген хабарламада.

Мәскеуде азаматшамызды балаларымен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Оларға уақытша баспана беріліп, консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Йеменнен Қазақстанның бес азаматы эвакуацияланды - Дастан Оспанов жұбайымен және балаларымен, сондай-ақ Эльмира Ақжанова жаңа туылған сәбиімен. Сол күні елшілікке Санада тағы бір қазақстандық Гүлмира Саханова бар деген ақпарат келіп түсті. Онымен телефон арқылы сөйлесіп, шұғыл қызмет эвакуациялауға әзірленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети