13 сәуір 2015 | 19:48

Семейде мектеп директоры пара ретінде ет сұраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sem40.ru © sem40.ru

Семейде жергілікті кәсіпкер әйелден екі қорап тушенка мен 700 мың теңге пара талап еткен әскери-техникалық мектептің директоры ұсталды, - деп хабарлайды YK-news.kz қаланың №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, мектеп директоры параны оқу орнына азық-түлік жеткізу туралы келісімшартқа қол қою үшін талап еткен. Өткен жылдың бірінші жарты жылдығында кәсіпкер әйел мен әскери-техникалық мектептің арасында жалпы сомасы 7 миллион теңгеге мектеп курсанттарын үш мезгіл тамақтандыру туралы келісімшарт жасалған.

Кейін оқу орнының директоры кәсіпкер әйелден 700 мың теңге ақша мен екі қорап тушенка (90 банка) талап етіп, есесіне келесі жылға келісімшарт жасасуға және қорғаныш болуға кепілдік берген. Кәсіпкер әйел әскери-тергеу органдарына шағымданып, мектептің директоры пара алып жатқан жерінде ұсталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети