Қазақстанда министрліктердің мемлекеттік сатып алу байқауларының жеңімпаздары кей кездері сол мекемелердің лауазымды тұлғаларына тиесілі коммерциялық ұйымдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда министрліктердің мемлекеттік сатып алу байқауларының жеңімпаздары кей кездері сол мекемелердің лауазымды тұлғаларына тиесілі коммерциялық ұйымдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жақын туыстарына формалды негізде басқаруға беру арқылы мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі коммерциялық ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға қатысқаны жөнінде жанжалдардың болғаны анықталды. Мысалы, министрліктердің және/немесе олардың ведомстволарының мемлекеттік сатып алу байқауларының жеңімпаздары сол мекемелердің лауазымды тұлғаларына тиесілі коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ олардың туыстары болған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Бұл мәселелер 2015 жылы 14 сәуірде агенттік басшысы Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен өткен ведомство алқасының бірінші отырысында талқыланды, отырыс барысында 2015 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды.
Агенттіктің жаңа өкілеттігі шеңберінде өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірге сыбайлас жемқорлық қатеріне талдау жүргізіліп жатыр. Олар мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру және бақылау міндетін атқарушы салаларда анықталды.
Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысы заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты құруды басты институционалды реформа ретінде жариялағанын баса атап өтті.
"Барынша объективті және мөлдір болуға тиіс кадрларды іріктеу және жоғарылату механизмдерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтің моделін және қызметкерлердің олардың нәтижелеріне байланысты еңбегін төлеуді модернизациялауға, сондай-ақ тағайындаудың патронатты жүйесін жоюға күш салу қажет. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен оны тудыратын жағдайларды анықтау мен оларды жоюдың тиімді жүйесін құруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының жобасы түбегейлі жаңалықпен ерекшеленуі қажет", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қызметшілердің дайындығы сапасы мен кәсіби біліктілігін арттыру мамандардың потенциалын іске асырудың маңызды факторлыраның бірі болып отырғанын айтты.