Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Астана тұрғындарына WhatsApp арқылы жіберілген, краннан су ішуге тыйым салу туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Астана тұрғындарына WhatsApp арқылы жіберілген, краннан су ішуге тыйым салу туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өткен баспасөз конференциясы барысында журналистер Божкоға 13 сәуірден бастап WhatsApp арқылы келіп жатқан сорғыш және тазалағыш нысандарды су басқандықтан, Астанада краннан су ішуге түбегейлі тыйым салынды деген хабарламалар туралы айтып берді.
"Бізде WhatsApp арқылы банк істеріне қатысты бір хабарлама жіберген адам сотталды. Бұл жағдайға қандай әрекет жасау керегін ойланатын боламыз. Бізде су іркуіш құрылыстың барлығы қатаң бақылауда. Олардың біреуін біз тоқтаттық, себебі қауіп бар және суды бақылауға алдық. Су режиміне және сапасына қатысты қандай да бір тәртіп бұзушылық жоқ, сондықтан алаңдамай, іше беріңіздер. Тағы бір мәселе, мұқият болып өзен суын ішпеу керек және құдыққа тасқын суы кірді ме, жоқ па қару керек", - деді Божко.
Айта кетейік, осыған ұқсас хабарламаны Қарағанды облысының тұрғындары да алды. "Кеше әлеуметтік желіде белгісіз біреулер тасқынның салдарынан сорғыш және тазалағыш нысандарды су басты деген хабарламаны жаппай тарата бастады. Бұл шындыққа жанаспайды. Қаңқу сөзді таратқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті арыз ішкі істер органдарына жіберіледі, - деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Телегин.