Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының 19 жастағы тұрғыны қаңғыбас адамды соққыға жығып, тірідей өртеп жіберді, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға жас жігіттің құрбанымен бірге бір стақаннан арақ ішкісі келмеуінің салдарынан болған.

Жас жігіт бір бөтелке арақты сатып алып, электр өткізгіш желісінің бетон іргетасына сүйеніп отырып ішкен. Сол сәтте оның жанынан қолында бір бөтелкесі бар, тұрғылықты жері жоқ ер адам өтіп бара жатыпты. Қаңғыбас адам жігітке арақ ішуді ұсынып, ол келісімін берген.
Алайда осыдан кейін олардың арасында ұрыс шықты. Басылымның мәліметінше, жас жігіт қаңғыбастың стақанымен арақ ішкісі келмеген, ал бұл әрекет оның ашуына тиіпті. Екеуінің арасында жанжал пайда болып, жас жігіт қарсыласының басын бетонға ұрып, бөтелкенің сынығымен бірнеше жерін жарақаттаған. Ер адам есінен айырылған кезде жас жігіт оның киімдерін өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Сараптама мәліметінше, қаңғыбас алған күйіктерінің салдарынан көз жұмған.
Сотта жас жігіт өзінің кінәсін толық мойындаған жоқ, бірақ істеген ісі үшін де өкінбеді. Оның айтуынша, ол қаңғыбасқа қатты ашуланған және осылайша оны қорламақ болыпты. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының шешіміне сәйкес, асқан қатыгездікпен адам өлтіргені үшін ол 10 жылға сотталды, жас жігіт жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.