Қарағанды облысында есірткі сатқан әйел полицейлерге 330 мың теңге пара ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында есірткі сатқан әйел полицейлерге 330 мың теңге пара ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатқаны үшін Қарағанды қаласының 46 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, одан 30 грамм героинді тәркіледі. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін есірткі өткізуші әйел полицейлерге 330 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынған.
"Осы дерек бойынша ақпаратты ЕБҚКБ қызметкерлері бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына берді. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстауға бағытталған бірлескен арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. 10 сәуірде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында әйел адамның ЕБҚКБ жедел қызметкеріне бұрын келісілген көлемде ақшаны беру фактісі тіркелді, содан кейін ол ұсталып уақытша ұстау изоляторына жабылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, есірткі сатқан әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оған бұл параның жиырма еселенген көлеміндегі айыппұл түрінде немесе мүлкін тәркілеумен бірге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.