Павлодар облысында кісі өлтіру бойынша күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында кісі өлтіру бойынша күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары кісі өлтірді деген күдікпен Павлодар облысының 23 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Мұнымен қатар, аса ауыр қылмысты жасырған деген күдік 24 жастағы азаматқа түсіп отыр. Күдіктілер Павлодар қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар өз қылмыстарын мойындаған.
Қазіргі уақытта, тәртіп сақшыларының айтуынша, осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 432-бабы (қылмысты жасыру) және 99-бабы бойынша (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында Талғар ауданында ер адам төрт кісіні пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Полицияның мәліметінше, ер адам төрт кісіні Талғардағы үйлердің бірінде бауыздап тастаған. Күдікті дереу ұсталды. Тәртіп сақшылары кісі өлтіру мотивінің олардың арасындағы қырғи-қабақ қарым-қатынас болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бірақ нақты мотив әзірше белгісіз.