Қарағанды облысында су тасқынынан электр желісі істен шығып, Нұра ауданындағы алты ауыл жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, еріген қардан 18 жол төсеніші бүлінді.
Қарағанды облысында су тасқынынан электр желісі істен шығып, Нұра ауданындағы алты ауыл жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, еріген қардан 18 жол төсеніші бүлінді.
"Судың қатты ағуынан және сең жүргендіктен Құланөтпес өзенінің бірнеше көпірі қирады. Сегіз ауылмен көлік байланысы тоқтатылды - Кеңжарыө, Соналы, Құланөтпес, Баршино, Жанбөбек, Тікенекті, Талдысай, Тассуат. Электр линиясының құлауына байланысты алты елді мекен жарықсыз қалды - Жүкей, Соналы, Құланөтпес, Нығман, Ақтүбек, Амантау", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Сел ауылдарға Самарқанд, Шерубай-Нұра және Ынтымақ су қоймаларынан келіп жатыр. Кейбір ауылдардан тұрғындар түгелдей эвакуацияланды, өзге елді мекендерде үйі су астында қалған тұрғындар мектептер мен қонақүйлердің көпқабатты ғимараттарына жеткізілді. "Соналы және Кеңжарық ауылдарына бес күндік азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және дизель электростанциясы бар қайықпен республикалық жедел-құтқару отряды жіберілді", - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында. Әкімдіктегілердің айтуынша, Нұра ауданы бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Еске сала кетейік, 23-29 наурыз аралығында Қарағанды облысының төрт ауданында селдің жүргені тіркелді. Су тасқыны екінші рет 6 сәуірде басталды. Құзырлы органдардың мәліметінше, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 17 ауданында 50 елді мекенді, 1149 үйді су алған. Соңғы есеп бойынша, 511 үй су астында қалды.