Елбасы Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен даму келешегі туралы баяндап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл көрсеткіштерінің жоғары екенін атап өтті", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанның алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды.
Мұнымен бірге, кездесу барысында бұл сапардың қазақ-түрік ынтымақтастығын одан әрі нығайту және оның аясын кеңейту ісіне қосымша серпін беретіні атап өтілді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.