"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының" Қазақстанда құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға септігін тигізу мәселелеріне қатысты сұрақтар Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының" Қазақстанда құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға септігін тигізу мәселелеріне қатысты сұрақтар Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
"Транспаренттік пен ашықтық - сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі қағидаты. Бізбен серіктес бола бастаған құрылыс компаниясы көлеңкелі экономикаға қатысты барлық сұрақтарын босағаның ар жағында қалдыруы тиіс. Біз мемлекеттік сараптама мен бір шаршы метрдің бағасы бекітілмей тұрып құрылыс компаниясымен келісімшарт жасаспаймыз", - деді бағдарлама қонағы.
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Болат Палымбетовтің айтуынша, қор ұсынған жалға беру пәтерлерінің 80-90 пайызын жас отбасылар алған. "Мемлекеттен баспана алу кезегінде расында да халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы тұру тиіс", - деді ол.
"Біз баспана құрылысы саласындағы жеке кәсіпкерлікті алмастыра алмаймыз. Біз ипотекалық несиелеу сынды банк қызметіндегі нарықтық ұғымды да алмастыра алмаймыз", - деп есептейді Болат Палымбетов. "Қолжетімді баспана туралы айта бастасақ, барлығы ол арзан баспана болуы тиіс деп есептейді. Менің ойымша, қолжетімді механизм болуы тиіс, ол - арзан ипотека, сатып алу құқығымен жалға беру және жай ғана жалға беру. Сондықтан біз "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы туралы айтқанда баспананың бағасы туралы айтпауымыз керек. Арзан бағада баспана болмайды", - деді бағдарлама қонағы. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасының айтуынша, мемлекет барлығын бірдей баспанамен қамти алмайды. Жеке кәсіпкерлікті дамыту керек.
Баспана құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен Қазақстандағы жалға берілетін баспана саласын дамытудың механизмдері туралы толығырақ бүгін, сағат 20.30-да СТВ телеарнасынан Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен болатын сұхбаттан тыңдап, көре аласыздар.