Бұған дейін 540 мың теңге пара алғаны үшін ұсталған Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің "Ақтау" кедендік рәсімдеу орталығы басқарма басшысының пәтерін тінту барысында 250 мың доллар (46,2 миллион теңге) табылды, - деп хабарлайды "Тумба.kz".

Басылымның мәліметінше, пара алғаны үшін ұсталған азаматтың пәтерін тінтіген ҚР Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері табылған ақшаны заттай айғақ ретінде танып, қылмыстық іске тіркеп қойды. "Сонымен қатар, қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында 10-нан 150 мың теңгеге дейін пара алуға қатысты 25 эпизод пен кеден делдалдарына қатысты түрлі компанияларға пара беру бойынша қосымша 15 эпизод анықталды", - деп хабарлады басылымға ҚР Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, қызметіне қатысты ай сайынғы жалпы қорғаныш болғаны үшін 1,2 мың доллар алған Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының ішкі зерттеу бөлімінің басшысы сотталды.