Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметтегі әйелдер арасындағы "Батыр арулар" сұлулық байқауы шетелдік ақпарат құралдарының қызушылығын оятты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметтегі әйелдер арасындағы "Батыр арулар" сұлулық байқауы шетелдік ақпарат құралдарының қызушылығын оятты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық "Батыр арулар" байқауына қатысушылар туралы мақаланы британдық Daily Mail таблоиды, Серб порталы Blic және неміс ақпараттық күнделікті Die Welt газеті жариялады. Daily Mail материалының авторы Саймон Томлинсон байқауға қатысу шарттарын сипаттап, сайтқа бірнеше қатысушылардың суреттерін орналастырды. Сондай-ақ, оқырмандардың бірнеше пікірін жариялады.
Еске сала кетейік, "Батыр арулар" байқауына онлайн дауыс беру Қорғаныс министрлігінің сайтында жүріп жатыр. Бүгінгі таңда байқауға қатысушыларға 30 мыңнан аса дауыс беріп үлгерді. Қорғаныс министрлігінің өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтармен бірге көршілес елдердің тұрғындары да белсенді түрде дауыс беріп жатыр, олардың қатарында: Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия мен Үндістан бар.
Байқауға Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен әскери тетіктерінен, сондай-ақ ҚР ҚМ Орталық аппаратынан барлығы 123 әйел қатысып жатыр. Байқау қорытындысында ең көп дауыс жинаған 12 үміткер іріктеліп алынады. Әлі дауыс беріп үлгермегендердің осы жылдың 10 мамырына дейін өзінің дауысын ұнаған қатысушыға беру мүмкіндігі бар. Айта кетейік, халықтың көзайымына айналған айтулы байқаудың 12 жеңімпазы 2016 жылғы мамандандырылған күнтізбе арналған кәсіби фотосессияға қатысады.