15 сәуір 2015 | 12:54

Румыния Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесіне қатысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Румыния Астанадағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Румыния Астанадағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірде Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев Румынияның Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры, ЕХРО мәселелері жөніндегі комиссары Джеорджиан Гервасимен кездесіп, ЕХРО-2017 көрмесінің тұсаукесерін ұсынды. Кездесудің соңында Румыния Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын ресми түрде растады.

"Герваси Румыния Халықаралық көрмелер бюросының қалаушы-мүшесі ретінде халықаралық көрмелердің тұжырымдамасы мен мағынасын қолдап, Қазақстанның халықаралық көрмелер дамуына қосатын зор үлесін жоғары бағалайтындығын атап өтті. Астана қаласында ЕХРО-2017 көрмесін ұйымдастыру - XXI ғасырдың негізгі сындарына ең үздік шешім іздеуге бағытталған орасан зор шара", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталестің EXPO-2017 нысандарын көріп шыққаны хабарланған болатын. Висенте Лоссерталес EXPO-2017 құрылысының қыс мезгілінде де қарқынды жүргізілгеніне таңданыс білдірді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети