15 сәуір 2015 | 14:24

Астанадағы 8-сынып оқушысының өлімі: Мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

№76 мектеп. © Tengrinews.kz №76 мектеп. © Tengrinews.kz

2014 жылдың қыркүйегінде оқыс оқиғадан 8-сыныптың оқушысы қайтыс болған Астанадағы №76 мектептің лицензиясыз жұмыс істегені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2014 жылдың қыркүйегінде оқыс оқиғадан 8-сыныптың оқушысы қайтыс болған Астанадағы №76 мектептің лицензиясыз жұмыс істегені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың білім беру саласын бақылау жөніндегі департаментінің бөлім басшысы Шынар Әубәкірованың айтуынша, прокуратура оқу орнын тексеру барысында заң бұзушылықты анықтады - мектептің лицензиясы болмаған.

"Біз 76 мектепті жауапқа тарттық, олар лицензияны алуы тиіс. Ол жерде бала қаза тапты. Осыдан кейін тексеріс нәтижесі бойынша прокуратуралар істі жіберді. Лауазымды тұлға - мектеп директорына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, біз оны жауапқа тарттық. Мәселе қазір қаралып жатыр", - деді Әубәкірова білім беру қызметі саласындағы мәселер жөніндегі дөңгелек үстелді қорытындылау барысында тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, мектеп штаттық режимді жұмыс істеп тұр. Білім беру саласын бақылау жөніндегі департамент лицензия алу туралы осы мектептің арызын қарап жатыр.

"Бұл мектеп өз қызметін лицензиясыз бастады, бұл жаңа мектеп. "Білім туралы" заңға сәйкес, білім беру қызметі лицензия болғанда ғана жүргізілуі тиіс. Бұл заң бұзушылықты прокуратура анықтады және істі бізге жолдады, біз лауазымды тұлғаға қатысты қаулы шығардық. Қаулы осыдан екі апта бұрын ғана шықты", - деді ол.

Еске сала кетелік, 2014 жылы 16 қыркүйекте №76 астаналық жаңа мектепте 8-сынып оқушысы сыныптасының кеудесіне қаламсапты бар күшімен сұғып алып, сонын салдарынан ауыр жарақат алған бала іле-шала көз жұмды.

Оқиғадан кейін мектеп директоры мен сабақта болған мұғалім қызметтерінен кетті, ал сыныптасын өлтірген бала психиатрия орталығына жатқызылды. Астананың ІІД 2014 жылы 14 қарашада "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейін тергеудің тоқтатылып, Астанада сыныптасын өлтірген мектеп оқушысының жазаға тартылмайтыны белгілі болды, себебі оның жасы қылмыстық құқық бұзушылық болған кезде 14-ке толмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети