15 сәуір 2015 | 15:29

Қазақстанда жалақы уақытында төленбейтін аймақтар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда жалақы уақытында төленбейтін аймақтар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жалақы уақытында төленбейтін аймақтар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қазақстанда 1 миллион 700 мың жұмыскердің алдындағы қарыздың мөлшері 106 миллион теңгеден 365,4 миллион теңгеге дейін жетті. Ал, жұмыскерлердің еңбекақысын уақытында төлемейтін кәсіпорындардың саны 16 дан 33-ке дейін артты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері жалақы бойынша қарыздың көлемі Ақтөбе облысында (15,4 миллионнан 58,1 миллион теңгеге), Алматы облысында (36,4 миллион теңгеге), Шығыс Қазақстан облысында (4,3 миллионнан 47 миллион теңгеге), Жамбыл облысында (8,8 миллион теңгеге), Қарағанды облысында (11,7 миллионнан 59,4 миллион теңгеге), Қызылорда облысында (1,7 миллионнан 42,1 миллион теңгеге), Маңғыстау облысында (14,6 миллионнан 37,7 миллион теңгеге) және Алматы қаласында (12,5 миллионнан 64,4 миллион теңгеге) артты.

"Ал жалақы бойынша қарыз мөлшері Ақмола облысында (17,7 миллионнан 7,6 миллион теңгеге), Қостанай облысында (17,5 миллионнан 1,5 миллион теңгеге), Оңтүстік Қазақстан облысында (3 миллионнан 2,431 миллион теңгеге) дейін төмендеді. Былтыр Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалақы қарызы 4,7 және 3,2 миллион теңгені болса, бүгінгі таңда қарыздары жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, барлық кәсіпорын бойынша үнқату шаралары қабылданып, материалдар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға беріліп, кейбір жетекшілерге қатысты әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети