15 сәуір 2015 | 16:33

Елімізде АИ-80 маркалы бензинді өндіру тоқтатылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©abso1.ru ©abso1.ru

АИ-80 маркалы бензинді елімізде өндіру тоқтатылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасының "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.


АИ-80 маркалы бензинді елімізде өндіру тоқтатылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасының "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.

Келесі жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан және Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер Еуро-4 стандартына сәйкес келетін мұнай өнімін жарыққа шығаруды жандандырады. Осы қадам арқылы Еуро-5 талабына өту көзделіп отыр. Қазір республикадағы мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылып жатыр. Олардың жылдық қуаты 17,5 миллион тоннаға жетеді. Ал, бүгінде мұнайдың 14 миллион тоннасына жуығы өңделеді екен. Зауыттар қайтадан жарақтанғаннан кейін, оның өңдеу тереңдігі 90 пайызға жететін болады. Еуро-5 стандартына жауап беретін отынды пайдалану атмосфераға ұшатын улы газдың мөлшерін азайтады. Сонымен қатар, шығынды шамамен 3 пайызға төмендетеді.

"Кеден одағы аясында аталған жанармайды сату шарттарының техникалық реттеулері бар. Мысалы, Ресей Федерациясында 3-інші кластердің айналымына 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап тыйым салынған. Соған сәйкес, 4 және 5-санаттағы мұнай өнімі өндіріліп жатыр. Бекітілген мерзім бойынша Қазақстан 2016 жылдың 1 қантарына дейін осы шартпен жұмыс істеу керек",- деді "Газпроммұнай Қазақстан" ЖШС бас директорының орынбасары Марат Малатаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети