Германияның Шверин қаласында Қазақстан экономикасының күні өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараны Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасымен Мекленбург-Алдыңғы Померания Федералдық жерінің үкіметі мен Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы бірігіп ұйымдастырды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шара "Қазақстан-2050" Стратегиясында және "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясатында қойылған мәселелерді жүзеге асыруға арналған. Оған Бундестаг депутаты Карин Штренц, Мекленбург-Алдынғы Померания Федералдық жерінің Экономика, құрылыс және туризм министрлігінің статс-хатшысы Штефан Рудольф, ҚР ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов және Шверин қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ханс Тон қатысты.
"Қазақстандық дипломат өз сөзінде "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясаты аясында герман бизнесі үшін Қазақстандағы мүмкіндіктер туралы баяндап берді. Қазақстан мен Германия арасында әртүрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндіктер пайда болғандығы аталып өтті", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Тон биыл шілде айында Мекленбург-Алдыңғы Померания Федералдық жері экономикалық делегациясының Қазақстанға жоспарланған іс-сапары туралы мәлім етті. Рудольф бұл сапардың мақсаттарымен және басымдықтарымен таныстырып, неміс компанияларының ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, жалпы форумда жаңартылатын энергия көздері, логистика, азық-түлік өнеркәсібі, денсаулық сақтау, "дуалды" білім беру және туризм секілді екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары талқыланды.