Алматы облысында ұрланған жылқылармен селфи жасағанды ұнататындар ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз өкілі Көбейхан Нұрахмет айтып берді.
Тәртіп сақшылары екі ер адамды ұстады: Қазақстанның 1989 жылы ұсталған азаматы және 1977 жылы дүниеге келген қырғызстандық. Полицейлер Іле ауданының территориясындағы 6 мал ұрлығы қылмысын ашты.

Күдіктілер айланы бірнеше жыл бойы ойластырған. Сол уақыттан бері олар фермерлерден 31 жылқыны айдап әкеткен. Олардың ішінде Ақалтеке тұқымды екі жылқы және 14 ірі мүйізді мал бар. Зардап шеккендерге жалпы 10 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.
"Тергеу кезінде айдап әкетілген малдың бауыздалған жері табылды. Еттері Алматыдағы базарларда сатылып жүрген. Куәгерлердің айтқан сөздерімен қатар, тергеушілердің заттай айғақтары да бар. Бұл айғақтар ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейді. Мұнда мәселе олардың ұялы телефондарындағы суреттер жайлы болып отыр. Олар ұрланған жылқылармен бірге селфи жасаған", - деді Нұрахмет. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда отыр, олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.