15 сәуір 2015 | 18:42

Оңтүстік Қазақстан дәрігерлері 3,5 миллион теңгелік төсектерге мемлекеттік сатып алу өткізбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© turzametka.com © turzametka.com

Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасы әрқайсы 3,5 миллион теңге тұратын төсектер алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы ұйымның мемлекеттік сатып алуына сілтеме жасап. Дәрігерлер жалпы сомасы 282,1 миллион теңгеге төсек алмақшы.


Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасы әрқайсы 3,5 миллион теңге тұратын төсектер алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы ұйымның мемлекеттік сатып алуына сілтеме жасап. Дәрігерлер жалпы сомасы 282,1 миллион теңгеге төсек алмақшы.

Лоттың сипаттамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу бойынша 3,5 миллион теңгеге "2000 х 1000 х 760 сантиметрлік палата төсегі" алынады. Төсектің арқалығы металл құбырлардан дөңгеленіп жасалуы тиіс. "Төсек аса берік материалдан жасалуы тиіс. Төсек қаңқасы әртүрлі залалдандырушы қоспаларға төзімді полимерлік ұнтақ жабындысы бар металдан жасалады. Төсектің аяқтары кез келген сыртқы әсерге қосымша төзімділік көрсете алатын каучук қосылған металдан жасалады", - делінген лоттың сипаттамасында.

Ауруханадағылар ерекше мемлекеттік сатып алуға қатысты түсінік берді. "Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасы" МКҚК есепшісі Айнұр Жабаеваның айтуынша, техникалық қателік кеткен. "Оның негізгі бағасы 35 267 теңге 86 тиын тұрады. Бұл сома қосылған құн салығын алып тастағанда шығады. Лотты құру кезінде жүйе үтірді қабылдамаған. Нүкте қою керек еді. Нәтижесінде әр бірліктің бағасы 3 526 786 теңге болып шықты. Хабарландыру жарияланымына жауапты мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкері жазаланды", - деді ол. Аурухана қатені өшіріп, 15 күннің ішінде дұрыс бағада тендер өткізуді жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети