Ресейде көлікті қолма-қол саудалауға тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Газета.Ru.
Ресейде көлікті қолма-қол саудалауға тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Газета.Ru.
Бұл жобаны "Ресей автомобиль дилерлері" ассоциациясы көтеріп отыр. Бұл шараларда ескі көліктерді тек дилер орталықтарында сату қарастырылған. Ескі көліктердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында оларды сатудан бұрын дилер орталықтарында тексеру ұсынылып отыр.
Ассоциация басшысы Владимир Моженковтың айтуынша, ескі көлікті қолма-қол сатуға тыйым салудан бюджетке қосымша салық кірісі түседі. "Біз Ресей автонарығындағы ескі көліктердің айналымын жылына үш миллион рубльге бағалап отырмыз. Таяу уақытта ұсынысты РФ Сауда-өнеркәсіп министрлігіне жібереміз", - деп мәлімдеді Можеников.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас бастама Қазақстанда да көтерілген болатын. ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау Парламент Мәжілісі отырысының үзілісінде қазіргі уақытта Қазақстанға автокөліктерді тек ресми дилерлер арқылы ғана жеткізу мәселесі қаралып жатқанын айтты. "Ресейдегі әріптестерімізбен бірге бұл мәселені талқыладық. Мәскеуде кейбір даулы жайттар туралы келіссөздер жүргізілген кезде автокөлік өнеркәсібі бойынша да мәселелер қаралды", - деді Рау.