Алматыда 2015/16 күз-қыс маусымының Қазақстан сән апталығы басталды. Kazakhstan Fashion Week , дәстүр бойынша, KFW авторластарының бірі, дизайнер Алексей Чженнің коллекциясымен басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда 2015/16 күз-қыс маусымының Қазақстан сән апталығы басталды. Kazakhstan Fashion Week , дәстүр бойынша, KFW авторластарының бірі, дизайнер Алексей Чженнің коллекциясымен басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көрермендердің ерекше назарын Италиядан шақырылған Марио Диченің батыл әйелдерге арналған коллекциясы жаулады. Бұл желінің ерекшелігі көйлек тігістерінің көрінбейтіндігінде, олар екінші былғарыға ұқсайды. Көрерменге аса ұнағаны - макро иісімен және микрогеометриялық принттері бар көйлектер болды.
Камила Курбани де қайталанбас линиясын ұсынды, оны жасауға авторды Қазақстанның табиғаты шабыттандырыпты. Ерлер мен әйелдердің образдарының қалыптасуына пейзаж принттері негіз болған.
Жас дизайнерлер Ольга Ким мен Анна Легайға келер болсақ, қыздар шабытты жеңілдік, бостандық және көркемдік сылайтын құстардан алған екен. Олардың Anthena closing for Brosh бренді 15 образды ұсынды. Олар минимализм стилінде тігіліпті. Киімдерді тігу үшін фактурасы бөлек маталар қолданылды: мақта, жібек, сәтен, зығыр, органза, шифон, неопрен, күдері.
Грузия дизайнері Кэти Чхиквадзенің (Keti Chkhikvadze) жаңа коллекциясы былғарыдан және жүннен жасалған, ал элементтері жібек пен шифоннан. Коллекцияның әр заты геометриялық дәлдікпен және қатаңдықпен, классикалық тігіспен және аса талғампаздықпен жасалған.
Kazakhstan Fashion Week бірінші күнін дизайнер Айнұр Тұрысбек жапты. Ол коллекциясында өз стилін сақтап, боксерлер рингінің қуаты мен әскери киімнің дәстүрлі тігісіне орайластырып, дайындады. Тұрысбек дәстүрлі түрде былғарыны қолданды: қара түстісі ерекше күйдірілген немесе футуризм көрінісін туғызатын күміс түстісі. Айта кетейік, таяуда бұл дизайнер Париж сән апталығындағы how-room-да өз коллекциясын ұсынып, fashion-журналистер мен шолушылардың жоғары бағасына ие болған еді.
KFW Алматыда 15-17 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан сән апталығының екінші күнінде өз коллекцияларын Salle de mode, Avoli. Judi, Damilya Zhumabek, Aidana Kozhageldina, Lali, Yerlan Zholdasbek, Sopacheva/Gorobets, Mereystar, Ademi, Alexandorah және Vanity Voice ұсынады. Сонымен қатар, шоу Астанада 24-25 күндері өтеді.