Ақтөбеде күйеуінің жоқтығын пайдаланған 23 жастағы келіншек өзіне 52 рет пышақ салды, - деп хабарлайды "Диапазон" газеті.
Ақтөбеде күйеуінің жоқтығын пайдаланған 23 жастағы келіншек өзіне 52 рет пышақ салды, - деп хабарлайды "Диапазон" газеті.
Алдына ала мәлімет бойынша, әйел бала босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшыраған және күйеуінің жоқтығын пайдаланып, өзін пышақтаған. Ақтөбе тұрғынын облыстық ауруханаға оның туыстары жеткізді. Зардап шеккен келіншекті қарау кезінде дәрігерлер оның төсінің 52 рет пышақталғанын анықтады. Оның бірнешеуі денесіне кіріп кеткен. Науқастың жүрегі мен жүрек қан тамырларына зиян келмеген, кеуде қуысында қан жиналып қалған.
Абырой болғанда, дәрігерлер келіншектің өмірін сақтап қалды. Сәтті ота жасалғаннан кейін ол аурухананың жалпы бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын және таяу арада шығаруға болатынын мәлімдеді.
Еске салайық, наурыз айының соңында Ақтөбеде 21 жастағы жүкті қыздың өз бөлмесінде асылып қалғаны хабарланған болатын. Оның денесін туыстары тапты. Марқұм өлім алдындағы хатын қалдырмаған. Туыстарының айтуынша, ол қаңтар айында тұрмысқа шыққан, жас отбасы бала күтіп жүрген және отбасында қақтығыс болмапты.