Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов Әлемдік бокс федерациясы рейтингінде (WBA) екі сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов Әлемдік бокс федерациясы рейтингінде (WBA) екі сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңарған тізімде Жанат Жақиянов үшінші орынды алып тұр. Қазақстандық боксшы - жеңіл салмақта WBC Eurasia Pacific Boxing Council титулының иегері, сонымен қатар EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы.
WBA рейтингінде жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Бейбіт Шүменов екінші орнын сақтап қалды. Еске салайық, қазақстандық желтоқсан айында америкалық кіші Бобби Томасты жеңіп, бірінші ауыр салмаққа шыққан болатын. Осыған дейін Шүменов Ресей боксшысы Денис Лебедевтің қарсыласы болуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады.
Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.