16 сәуір 2015 | 11:03

Алматы халқының 70 пайызы дауыс беруге қатысады - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Pbs.org ©Pbs.org

Алматы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының ақпарат және сараптама орталығы "Алматы тұрғындарының электоралды көңіл-күйі" тақырыбында зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.

Зерттеу 3-10 сәуір аралығында жасалды. 1200 адамнан сауалнама алынды. "Зерттеудің қорытындысынан біз сайлауға халықтың 70 пайызының келетінін айта аламыз. Дауыс беру белсенділігі қалалықтар мен Алматыда 10 жылдан бері тұрып келе жатқандарда басым", - деді әкімдіктегілер.

Жиналған мәліметтер алдағы кезектен тыс сайлау туралы халықтың ақпараттану деңгейінің жоғары екенін көрсетіп берді - алматылықтардың 98,7 пайызы сайлаудың өтетін күнін дұрыс айтты. Сауалнамаға жауап бергендердің 91,7 пайызы өзінің сайлау пунктінің мекен жайын біледі екен. "Сәйкесінше, 7 пайыз халыққа өз сайлау пункттерін біліп алуы үшін белсенді болу керек", - деп хабарлады ішкі саясат басқармасының өкілдері. Респонденттердің 8,4 пайызы дауыс беруге қатыспайтынын жеткізді. "Бұл цифр өзгеріп жатыр. екі апта бұрын сұралғандардың үлесі 11,3 пайыз болған еді", - деді әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети