16 сәуір 2015 | 11:46

Голливудтың "Номер 44" фильмі қазақстандық прокаттан алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Номер 44" фильмі ресми постерінің фрагменті. © kinopoisk.ru "Номер 44" фильмі ресми постерінің фрагменті. © kinopoisk.ru

Голливудтың "Номер 44" фильмі қазақстандық прокаттан алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Номер 44" фильміне арналған прокат куәлігінің сұранымы бүкіл ТМД бойынша қайтарылды", - деді Sulpak Cinema корцернінің өкілі Александр Крылов.


Голливудтың "Номер 44" фильмі қазақстандық прокаттан алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Номер 44" фильміне арналған прокат куәлігінің сұранымы бүкіл ТМД бойынша қайтарылды", - деді Sulpak Cinema корцернінің өкілі Александр Крылов.

Еске сала кетейік, КСРО-дағы сериялық адам өлтіру туралы картина ресейлік прокаттан алынған болатын. Ресейдің Мәдениет министрлігі "Номер 44" фильмін прокаттан алып тастау туралы шешімді тарихи деректер бұрмаланған деп түсіндірді. "Прокатқа шығарушылар мен Мәдениет министрлігі өкілдерінің ойы бір жерден шықты: бұл фильмді Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында прокатқа шығаруға болмайды", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетейік, режиссер Даниэль Эспиносаның "Номер 44" фильмі Том Роб Смиттің бестселлерімен аттас болып түсірілді, детективтердің бірінші трилогиясы мемлекеттік қауіпсіздік агенті әрі Ұлы Отан соғысының ардагері Лев Демидовтің басынан кешкен оқиғалары туралы. Фильм мен кітап 1953 жылғы маньякты қолға түсіру, тоталитарлық кеңес қоғамында орнаған паранойя жайында баяндайды. Демидов балалардың кісі өлтіру сериясын зерттейді және коммунистік қоғамда маньяктар бар деп тануды мемлекеттік опасыздық деп есептейтін МҚМ-дағы басшыларының қысымына ұшырайды. Фильмде басты рөлдерде Том Харди, Нуми Рапас, Гари Олдман, Джейсон Кларк пен Венсан Кассель ойнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети