Қазақстанда президенттік сайлау алдында желіде үміткерлерге дауыс берудің маңызды екенін көрсететін видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда президенттік сайлау алдында желіде үміткерлерге дауыс берудің маңызды екенін көрсететін видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мысалы, Желіде таяуда жарияланған қызықты видеодағы сюжет бойынша жігіт өз сүйіктісіне тосын сый жасамақшы болады. Оның көзін байлап, белгісіз жаққа әкетеді. Қыз АХАЖ-ға баратынын ойлап келе жатқанда ер адам оны сайлауға дауыс беруге әкеледі. "АХАЖ-ға барамыз ба деп ойласам", - дейді қыз. Ал оған сүйіктісі "Ал мен біздің болашағымыз жайлы ойладым", - деп жауап береді.
Желіде көп көріліп жатқан тағы бір видео "Мен Қазақстаннанмын" деп аталады.
"Мен - қазақстандықпын. Мен осы роликті менің халқымның бірлігіне ұйытқы болғысы келгендерге арнаймын", - дейді кадр сыртындағы дауыс. Жігіт өзінің куәлігінде татар немесе корей деп жазылуы мүмкін екенін, бірақ ол әлем үшін қазақстандық екенін айтады.
"37 жылдың аязды қысында Қазақстан даласына түрлі ұлттың мыңдаған адамы киімсіз, азықсыз жер аударылды. Оларды осында өлуге тастап кетті. Бірақ өздері аштықтан қырылған қазақ қонақтарды жылытып, тамақ берді. Содан бері біз бірге өмір сүріп келеміз. Біз фашизмге қарсы соғыс майданында атылған әр оқты құйғанбыз", - дейді жігіт.
Ол тарихты еске алады. "Біз үйлеріміздегі бейбітшілікті сақтап қалдық. (...) Менің елім ары қарай да алға жүре береді", - деп аяқтайды ролик авторы өз сөзін.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Президенттікке үш үміткер анықталды - қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов.