Бүгін Қарағандының Қазыбек би аудандық №1 соты бұрынғы әкім Бауыржан Әбдішевтің "қамау" бұлтартпау шарасының мерзімін 23 мамырға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.
Бүгін Қарағандының Қазыбек би аудандық №1 соты бұрынғы әкім Бауыржан Әбдішевтің "қамау" бұлтартпау шарасының мерзімін 23 мамырға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.
"Сот қылмыстық істің материалдарымен танысу үшін Бауыржан Әбдішевтің қамаудағы мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдайды", - деп оқыды қаулыны судья Бахыт Ахметова.
Қамау мерзімін ұзарту туралы өтінішті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі берді.
"Осылайша, Бауыржан Әбдішевке қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы осы жылдың 23 мамырына дейін ұзартылады", - деді судья.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген айып тағылды. Тергеудің мәліметінше, Әбдішев Қарағанды қаласын көріктендіру бағдарламасы бойынша тендерде теміртаулық "Сталь Монтаж" фирмасын жеңімпаз ету үшін одан 12 миллион теңге алған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу органына "Сталь Монтаж" ЖШС қызметкері осындай айғақ берді. "Делдал арқылы ақшаны беріп жіберіп, фирма тендерді ұтып шықты, сөйтіп, Қарағанды қаласын көріктендіру мемлекеттік бағдарламасы бойынша көшенің жарық бағандарын шығару мен жөндеуге, басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алған", - деп хабарлады тергеу тобының қызметкерлері.