Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел басшысының қатысуымен өткен отырыс барысында түрлі салалардағы екіжақты ықпалдастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ "Жаңа Синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды.
Назарбаев Ердоғанның елімізге әр сапары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға толы болып келетінін атап өтті.
"Осы жолғы сапар да қазақ-түрік байланыстарында терең із қалдырғаны даусыз. Түркия Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктестерінің бірі болып саналады. Елдеріміздің ортақ тарихқа, тіл мен рухани қазынаға негізделген қарым-қатынасы жақсы қарқынымен ерекшеленеді", - деді Мемлекет басшысы.
Отырысқа қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін және оны болашағы бар бағыттар бойынша бірлескен жобалар арқылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.