Қазақстандықтардың арзан несиемен қандай автокөлік алғысы келетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kolesa.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың арзан несиемен қандай автокөлік алғысы келетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kolesa.kz порталына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, тәулік бойы жүргізілген сайттағы сауалнамаға 2 мыңнан аса адам қатысты. Оларға тек бір ғана автокөлік моделін таңдауға мүмкіндік берілді.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, жол талғамайтын пикаптарға ең көп дауыс берілді (39,4 пайыз). Одан кейінгі орында А, В, С класстағы қалалық ықшамды автокөліктер тұр (37,9 пайыз).
"Ең көп дауыс жинаған көліктердің басында хэтчбек Kia Rio тұр. Оған 185 дауыс (9 пайыз) берілді. Алайда дауыс берушілердің көпшілігі бізде құрастырылатын емес дауыстарын Ресейде шығатын седанға берген сияқты", - делінген жарияланымда.
Одан кейінгі орында 173 дауыспен (8,4 пайыз) SUV арасынан озық шыққан Kia Sportage кроссовері тұр. Айта кетейік, корей автокөліктері де едәуір көп дауыс жинады. С класс бойынша Hyundai Elantra алда тұр, оған 140 адам дауыс берген, ал жаңа Kia Sorento темір тұлпарына 124 дауыс берілді. Ал D класы бойынша ең көп дауыс Kia Optima-ға берілді, ол жинаған дауыстың саны - 92.
Айта кетейік, сауалнамаға қатысқандардың арасында арзан автонесиеге селсоқ қарағандар да болды. Сауалнама нәтижесіне сенсек, 272 адам бұл несиеге қатысты енжарлық танытса, 90 адам 5 600 000 теңгеден жоғары бағада көлік алғысы келетінін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жасалған автокөліктердің елімізде арзан автонесиемен 20 сәуірден бастап беріле бастайтыны хабарланған болатын. Арзан автонесие тек Қазақстанда жасалған автомобльдерге қатысты және олардың бағасы 5 600 000 теңгеден (30 мың доллар) аспауы тиіс.