Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" барысында отставкадағы әскери адамнан әйелінің ит асырауына рұқсат беруін сұрады. Тікелей трансляцияны Tengrinews.TV жүргізді.
Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" барысында отставкадағы әскери адамнан әйелінің ит асырауына рұқсат беруін сұрады. Тікелей трансляцияны Tengrinews.TV жүргізді.
"Тікелей желі" барысында жүргізуші Елена есімді танысының хатын оқыды. Әйел құрбысының жақында 40 жасқа толатынын жазған. Ол бұрыннан бері ит асырауды армандап жүр екен, бірақ оның күйеуі, отставкадағы әскери адам үйде жануар асырауға рұқсат бермеген. Сонымен қатар, әйелге итті таныстары сыйлайын деп отырған көрінеді. Ол Путиннен тікелей эфир арқылы әскери күйеуіне былай деп айтуын өтінген: "Борис, сенікі дұрыс емес, әйеліңе ит асырауға рұқсат бер".
Ресей президенті, бас әскери қолбасшы ретінде де Бориске бұйрық бере алмайтынын жеткізді. Путин бірігіп жоспар құрып, әрекет етуді ұсынды. "Мысалы, сіз бен мен бірге - мен және сіз - Бористен әйеліне рұқсат етуін өтіне аламыз. Ал Еленаның былай деуіне болады: "Жоқ, маған иттің қажеті жоқ, сен қалай десең солай болады". "Осыдан кейін ол әйеліне ит емес піл сыйлайтынына сенімдімін, әсіресе егер ол бұл сөзді ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде айтса. Мүмкін тон әперуге де уәде беріп қалар", - деді РФ басшысы. Сонымен қатар, Путин тікелей эфир арқылы ер адамнан әйеліне жақсылық жасауын өтінді. "Борис, өтінемін, мейірімді болшы, әйеліңе ит сатып алуға рұқсат берші, бұл нәрсе отбасын берік ете түседі", - деді президент отставкадағы полковникке.
Бұған дейін Путин бұдан да салмақты мәселені қозғаған болатын - Украинадағы жағдай. Ол Украина көшбасшысы Петр Порошенконың Донбасты қайтарып алу туралы ұсыныс жасамағанын айтты. Путиннің айтуынша, ол әріптесімен Донбастың экономикасы мен әлеуметтік саласын жандандыруға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Путин Ресейдің Донбастағы жағдайға қатысты өз позициясын тықпалап, араласайын деп отырмағанын, бірақ өз пікірін жеткізе алатынын айтты.