Қарапайым құралдармен шебер ойнайтын ресейлік танымал музыкант бокалдар арқылы Қазақстан әнұранын ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарапайым құралдармен шебер ойнайтын ресейлік танымал музыкант бокалдар арқылы Қазақстан әнұранын ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Музыкант гитара сыныбы бойынша жоғары білім алған, көп уақыт бойы рок тобында бас-гитарашы болып өнер көрсеткен. 2002 жылдан бері Александр Лемешев шыны арфаларында кәсіби ойнаумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында ол гастрольдік сапармен Ресей, Еуропа және АҚШ-тың бірнеше қаласында болған. Сонымен қатар, "Минута славы", "Аншлаг", "Смеяться разрешается" шоуларына қатысқан. Қазір шыны музыкасы халықаралық ассоциациясының мүшесі, жақын арада Мәскеуде өткен Жеңістің 70 жылдығына арналған концертке қатысты.
Ол Қазақстанға досы шоумен Дәуіт Шайхисламовтың шақыртуымен келді. Лемешев Қазақстанның әнұранының әуенін 15 минутта ойнап шыққан. "Қазақстанның әнұранын мен бірнеше рет естігем. Қиын тұстары да болы, дегенмен мен тез-ақ ойнап шыға алдым", - деді ол.