16 сәуір 2015 | 18:42

Жеңістің 70 жылдығына орай ШҚО ардагерлеріне 500 мың теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО Ақпараттық орталығы ©ШҚО Ақпараттық орталығы

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысындағы ардагерлерге 500 мың теңгеден бірмезеттік төлем жасалады. Бұл туралы алдағы мерейтойды кең ауқымда атап өту жоспары талқыланған кеңесте ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

"Бұл төлем - ардагерлерге көрсетілетін көмектің бір бөлігі. Бүгінде өңірде 594 ҰОС ардагері бар. Олардың алдында мәңгілік қарыздар екенімізді ұмытпауымыз керек. Ардагерлер әрдайым біздің назарымызда", - деді облыс әкімі.

Кеңесте 19 сәуір мен 1 мамыр аралығында ардагерлердің барлығына аталған ақшалай төлемнің толық табысталаты белгілі болды. "Облыс көлемінде Жеңіс күнін лайықты атап өту бойынша кең ауқымда жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жылдың 1 наурызы бойынша "Жеңіске дейін 70 күн" тематикалық акциясы аясында аймақта 24 мың адамның қатысуымен 700-ге жуық іс-шара өткізілген", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, мамыр айында 600 іс-шараны өткізудің жоспарланғаны айтылды. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында аймақтың барлық қалалары мен аудандарындағы 338 ескерткіш, мемориалдық тақтаның 102-не жөндеу жүргізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети