Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірдегі көрсеткішке сәйкес, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікке тең. Ал зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 триллион теңгеден асып түсті.
"2015 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың шотына бөлінген инвестициялық табыс - 58,25 миллиард теңге. Қаңтар-наурыз айларындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы - 42,43 миллиард теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома - 3,39 миллиард теңге", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға өскен болатын. Айлық есептік көрсеткіші биыл - 1982 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері - 23 692 теңге, орташа мөлшері - 11 182 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі - 21 364 теңге.