Қазақстан шаңғы экспедициясының мүшелері Солтүстік полюске Қазақстан Республикасы Туы мен Халық ассамблеясы жалауын тікті, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Қазақстан шаңғы экспедициясының мүшелері Солтүстік полюске Қазақстан Республикасы Туы мен Халық ассамблеясы жалауын тікті, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Бақыт Керімжанов, Сергей Бодров пен Константин Орлов Барнео мұзды лагерінен Солтүстік полюске дейін алты күн жүрді. 130 шақырымды үш қазақстандық күніне 25 шақырымнан жүріп отырды. Экспедиция мүшелерінің айтуынша, басқа елдердің шаңғышыларымен салыстырғанда бұл рекордтық көрсеткіш.
Сапарды ұйымдастырушы Қазақ география қоғамы төрағасы Нұрлан Әбдуовтың айтуынша, алдағы уақытта отандық ғалымдардың бұдан да үлкен жоспарлары бар. 2016 жылы Тәуілсіздіктің 25 жылдығына орай төрт полюс: магниттік полюс, суық полюсі, рұқсат етілмеген полюс пен Оңтүстік полюске баруды көздеп отыр. "Біздің ең үлкен мақсатымыз - жаңа станция ашу", - деді Нұрлан Әбдуов.
Еске сала кетейік, Қазақстанның шаңғы экспедициясы Солтүстік полюске 31 наурызда аттанды. Жалпы құрамы алты адамнан тұратын топ Алматыдан Норвегияға ұшқан. Кейін Шлицберген аралынан Барнеоға дейін жетті. Экспедицияның негізгі бөлімі осы жерден басталды.
"Біздің мақсатымыз - Қазақстанды әлемге мәдениет, ғылым және гуманитарлық салаларда танымал ету. Экспедиция Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына және де Жеңістің 70 жылдығына арналды", - деді Қазақ географиялық қоғамының мүшесі Төлеген Тастанбеков.