Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай "Астана Опера" театрында "Абай арманы" атты концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай "Астана Опера" театрында "Абай арманы" атты концерт өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кештің шымылдығын Қазақ хандығының құрылу тарихы жайлы қысқаметражды фильм ашады. Онда қазақтың хандары, хандықтың жүзге бөлінетіні және қазақ халқының данышпан ұлы - Абай Құнанбайұлы жайлы мұрағаттағы бірегей материалдар қолданылған. Аталған кеште тыңдарман назарына оның "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы", "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай", "Мен сәлем жазамын", "Татьянаның хаты" (Пушкиннің "Евгений Онегин" атты өлең түріндегі романы) және басқа белгілі туындылары ұсынылады.
ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазиноваға Абайдың өлең-жырындағы әйел тақырыбын ашу міндеті жүктеледі. "Абай қашанда халыққа жақын болды, мұны ақынның халықтық сарынға толы өлеңдерінен байқауға болады. Оның барлық туындылары сан қырлы, мән-мағынасы терең әрі бүгінгі күні де өзекті болып келеді. Егер бұрындары Абайдың шығармаларын тек ерлер шырқаса, бұл кеште тыңдарман оның кейбір романстарын нәзік жандардың орындауында тамашалайды. Әйелдерге Абай жоғары сүйіспеншілікпен қараған, бұған әжесі Зеренің тәрбиесін көргендігі себеп болған да шығар", - дейді ол.
Концерт 20 сәуірде "Астана Опера" театрының камералық залында өтеді.