Шығыс Қазақстанда пойыз астына түсіп қалған әйел аяқсыз қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz ШҚО мобилизациялық дайындық басқармасына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда пойыз астына түсіп қалған әйел аяқсыз қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz ШҚО мобилизациялық дайындық басқармасына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, Семейде 46 жастағы жергілікті тұрғын пойыз астына түсіп қалған. Әйел тірі қалғанымен оның аяғының басы алынып тасталды.
"Кеше кешкі уақытта ес-түссіз жатқан семейлікті станция жұмысшылары тауып алды. Әйелдің аяғының басын пойыз басып кетіпті. Теміржолшылар жедел жәрдем шақыртып, зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді", - деген жарияланымда.
Айта кетейік, пойыз астына түскен әйелдің оқиға кезінде мас болғаны ауруханаға жеткізілген соң анықталды.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға осыдан бір жыл бұрын Алматыда болған еді. Қайғылы оқиға 24 наурыз күні сағат 23.15-те Алматы-1 теміржол станциясындағы есепке алу паркі аумағында болды. Парк кезекшісі болып жұмыс істейтін 1962 жылы туған әйел абайсызда тұйық тұраққа қойылғалы жатқан Алматы - Маңғышлақ бағытындағы №377 жолаушылар пойызының астына түсіп қалған. Әйел сол жерде жан тапсырды.