17 сәуір 2015 | 13:07

Атырау облысында Қызыл кітапқа енген 70 өлі бірқазан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zoopicture.ru © zoopicture.ru

Атырау облысында Қызыл кітапқа енген 70 өлі бірқазан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірқазандар Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің суы таяз аумағынан табылды.


Атырау облысында Қызыл кітапқа енген 70 өлі бірқазан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірқазандар Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің суы таяз аумағынан табылды.

"Норт Каспиан Оперейтинг компаниясы құстардың көктемгі есебін өткізуі кезінде Атырау облысы Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенінің суы таяз аумағында өлі 70 бұйра бірқазан табылды. Бұйра бірқазан (Pelecanus crispus) құстардың сирек кездесетін түрлерінің тізбесіне кіреді. Осы дерек бойынша ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстың аумақтық инспекциясымен аталмыш деректі тексеру үшін жұмыс тобы құрылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда жаралы бірқазанды жәбірлеген адамның үстінен қозғалған істің қайта қаралатыны хабарланған болатын. Интернетте екі ер адамның жаралы бірқазанның артынан қуып, ұстап алғаннан кейін суретке түскендері жазылған видеоролик пайда болды. Кейін браконьерлердің құрбаны Қызыл кітапқа енген бұйра бірқазан екені анықталды. Наразы болған жануарларды қорғаушылар полицияға барып, қатыгездерді тауып, жазаға тартуды талап етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети