"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 18-20 сәуірге болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 18-20 сәуірге болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Орал және Батыс Сібір арқылы жылжитын циклон Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарындағы ауа-райына әсер етеді. Суық атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты осы өңірлерде жауын-шашын болуы мүмкін", - делінген баспасөз хабарламасында.
Синоптиктердің айтуынша, Республиканың оңтүстігінде демалыс күндері жауын-шашын болмайды, дүйсенбі күні өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы демалыс күндері климаттық нормадан 2-7 градусқа жоғары болады.