17 сәуір 2015 | 21:35

Семейде қазақ жұлдыздарының концертінен шу шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"31 арна" кадры ©"31 арна" кадры

Семейде "МузАрт", Жанар Доғалова, Әли Оқапов сынды қазақ эстрада жұлдыздары қатысқан концерттен дау шықты, - деп хабарлайды "31 арна"


Семейде "МузАрт", Жанар Доғалова, Әли Оқапов сынды қазақ эстрада жұлдыздары қатысқан концерттен дау шықты, - деп хабарлайды "31 арна"

Оқиға 16 сәуірде болды. Әншілер Семей қаласының орталық алаңында концерт қоюы керек болған. Алайда күн райының қолайсыздығына байланысты концерт мәдениет үйінің ішіне ауыстырылғаны жайлы мәлімет тарады. 450 орындық мәдениет үйіне қала халқы сыймағандықтан, өнерпаздар үш бірдей тегін концерт беруге мәжбүр болды. Десе де, сыртта күте-күте төзімдері таусылған көрермен есікті қиратып, тәртіп сақшыларына қарсы шықты.

Телеарна тілшілерінің айтуынша, полицейлер газ баллондарын қолдануға мәжбүр болды. Ұлттық ұланның қосымша сарбаздары да шақырылған.  

Концертте өнер көрсеткен "МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев Instagram желісінде бұл келеңсіздікті ұйымдастырушылардың талабы деп түсіндірді. "Семейлiктерге алғысымыз шексiз! Концертке кiре алмағандардан кешiрiм сұраймыз. "Елге келiп тұрып, неге бiр ауыз құлаққағыс жасай салмайды..." демесiн деп, концерт туралы хабардар етсем де жақпадым. "Қонақ қойдан жуас" дейдi ҚАЗАҚ. Өнерпаздарымыз -15-20 градус суықта да әнi мен әзiлiн айтып келе жатыр. Ешкiм "Жаураймыз, далада ән айтпаймыз" деген жоқ. Ұйымдастырушылардың талабы солай болды", - деді әнші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети